Головкин Мексиканың ұлттық мерекесі күні жекпе-жек өткізуі мүмкін

Golden Boy промоутері Оскар Де Ла Хойя қазақстандық боксшы Геннадий Головкин келесі жекпе-жегінде мексикалық Хайме Мунгиямен жұдырықтасуы мүмкін екенін мәлімдеді.

«Головкин – Мунгия жекпе-жегі бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Бұл айқас бәріне қызық. Өтетін уақыты: Синко де Майо», – деді Де Ла Хойя.

Оның айтуынша, ұйым жекпе-жекті мамыр айында Мексиканың «Синко де Майо» ұлттық мерекесіне орай өткізуді жоспарлап отыр.

Айта кетейік, Геннадий Головкин кейінгі жекпе-жегінде Польша боксшысы Камил Шереметаны нокаутпен жеңді.