Хоккейден Қазақстан чемпионатында «Торпедо» көш басында келеді

Хоккейден Қазақстан чемпионатында Өскеменнің «Торпедо» командасы көшбасшылық тізгінді берік ұстады.

Олег Болякиннің шәкірттері екінші матчта ақтөбеліктерді тізе бүктірді. Айдын иелері 8 шайба соқты. Оның үшеуі қорғаушы Дмитрий Стуловтың үлесінде. Ал қонақтар бір ғана голды місе тұтты. Осылайша, 73 ұпай еншілеген өскемендік хоккейшілер турнир кестесінде «Номадтан» едәуір қара үзіп кетті. Сондай-ақ Атыраудың «Бейбарысы» сырт айдында Павлодардың «Ертісімен» қайта кездесті. Ойын 5:4 есебімен қонақтардың жеңісімен аяқталды.

Айта кетейік, Павлодарлық клуб 8 ойында да жеңіліс тауып, көш соңында қалса, Атырау ойыншылары 48 ұпаймен 5-орынға жайғасты.

***

Оберхофе қаласында биатлоннан әлем кубогының әйелдер арасындағы із кезу жарысы аяқталды. Нәтижесінде норвегиялық Тириль Экхофф жеңімпаз атанды. Ал 24 жастағы қазақстандық Елизавета Бельченко сайыста үш рет сәтсіздікке ұшырап, мәреге 47-ші болып келді.

***

Елена Рыбакина үшінші айналымға шықты

Теннистен Абу-Дабиде өтіп жатқан ашық біріншілікте Елена Рыбакина қытайлық Ван Сиюді жеңді. Екі сет 6:4 есебімен ақталды.1 сағат 34 минутқа созылған тартыста Елена екі брейк, үш эйс жасады.

Айта кетейік, осыдан төрт жыл бұрын қос спортшы АҚШ-тағы чемпионатта  кездесті. Ол кезде де Рыбакина басым түскен еді. Ал WTA турнирінің  үшінші айналымы бүгінге жоспарланған. Онда Рыбакина ресейлік Дарья Касаткинамен шеберлік байқасады. Сондай-ақ кордқа тағы бір қазақстандықтың шығатыны  айтылды. Юлия Путинцева америкалық теннисші Софья Кенинмен cайысқа түседі.

***

Баскетбол: «Астана» жеңіске жетті

ВТБ бірыңғай лиғасы аясында «Астана» баскетбол командасы жылдың алғашқы матчын Краснодардың «Локоматив-Кубань» клубына қарсы өткізді. Алғашқы минуттардан-ақ ширақ қимылдаған қонақтар біздің баскетболшылардың әр шабуылына лайықты тойтарыс беріп отырды. Десе де, діттегінен қапелімде қайта қоймайтын қазақстандық ойыншыларға соңғы минуттарда сәттілік серік болды. Матч 86:82 есебімен «Астананың» пайдасына шешілді. «Қызыл-жасылдар» сапынан ең көп ұпайды Реджи Линч жинады. Сондай-ақ Мантас Калниетис пен Джордан Кроуфорд та тартымды ойын өрнегін көрсетті. Ал «Астаналықтардан» Мартиныш Мейерс ерекше көзге түсті.

Айта кетейік, Эмиль Райковичтің шәкірттері турнир кестесінде 10-шы сатыға орнықты.

Сондай-ақ...