Жәнібек Әлімханұлы орта салмақтағы чемпионды жекпе-жекке шақырды

Қазақстандық боксшы кезекті рет Top Rank промоутерлік компаниясының президентінен жапониялық Риота Муратамен кездесу өткізуді сұрады.

Кейінгісі бүгінге дейін 18 жекпе-жекке шығып, оның 16-сында жеңіске жеткен. Соның арқасында өткен жылы WBA тұжырымы бойынша чемпиондық белдікті иемденді. «Әлемге жаңа чемпион керек. Бокс кешін өткізейік және бесінші раундтан кейін белдік менде болады» деп жазды Жәнібек әлеуметтік желідегі парақшасына.

Айта кетейік, жерлесіміз ең соңғы рет 10 қазанда шаршы алаңға шықты. Аргентиналық Гонсало Кориямен жолығып, екінші раунда қарсыласын нокаутқа жіберді. Соның арқасында жерлесіміз WBO рейтингінің үздік үштігіне ілікті.