24 қаңтарда таңертең қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов (13-4) UFC-дегі өзінің екінші кездесуін өткізеді, деп хабарлайды prosports.kz.
Ол Абу-Дабиде (БАӘ) өтетін UFC 257 туринрінде өнер көрсетеді. Оның қарсыласы швед спортшысы Амир Альбази (13-1). Бұл айқас Нұр-Сұлтан уақытымен 05:00-ден кейін басталады. Тікелей эфир UFC ресми сайтында көрсетіледі.
UFC 257
Негізі кард
Конор Макгрегор — Дастин Порье
Майкл Чендлер — Дэн Хукер
Джессика Ай — Джоанна Калдервуд
Аманда Рибас — Марина Родригес
Эндрю Санчес — Махмуд Мурадов
Алдын ала кард
Мэтт Фриволоа — Арман Царукян
Брэд Тавареш — Антонио Карло Тавареш
Джулианна Пенья — Сара Макменн
Халил Роунтри — Марчин Прахно
Мовсар Евлоев — Ник Лентц
Амир Альбази — Жалғас Жұмағұлов.
Еске сала кетейік, бұл – Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі екінші айқасы. Алғашқы жекпе-жегінде ол Раулиан Пайвадан (20-3) жеңіліп қалған болатын.
Амир Альбазиға қатысты айтар болсақ, ол алдыңғы жекпе-жегінде канадалық Малкольм Гордонды (12-5) бірінші раундта жеңген еді. Бұл шведтің UFC-дегі дебюті болды.