Мәнерлеп сырғанаудан Швециядағы әлем біріншілігі мерзімінде өтеді

Мәнерлеп сырғанаудан биылғы әлем чемпионаты жоспарланған мерзімінде өтеді.

Бұл туралы бейсенбі күні ISU атқарушы комитетінің отырысында белгілі болды, деп жазады Olympic.kz. 

«Әлем чемпионатына дайындық жоспар бойынша өтіп жатыр, турнирдің өту мерзімі өзгеріссіз қалды», - делінген хабарламада. 

Айта кетелік, бейсенбі күні Халықаралық конькимен жүгірушілер одағының (ISU) отырысы өтіп, Швецияның Стокгольм қаласында өтуі тиіс мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатының тағдыры да талқыланды. 

Әлемдік сын 22-28 наурыз аралығында Столькгольм қаласында ұйымдастырылады. 

Естеріңізде болса, ғаламдық індетке байланысты ISU Еуропа мен Гран-турнирінің финалын және жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатын өткізбеген еді.