Садақ атудан Қазақстан чемпионаты кейінге қалды

Садақ ату бойынша ішкі біріншілік ақпан айының басында елордада өтуі керек еді.

Бірақ қалыптасқан жағдайға байланысты мерзімі өзгертілді. Яғни санитарлық талаптарға сәйкес қазір спорттық шараларды ұйымдастыруға рұқсат жоқ. Енді сала мамандары чемпионат жақын арада қайта жанданады деп үміттенеді. Өйткені олимпиада жолдамаларының тағдыры осы бәсекеге тікелей байланысты. Яғни Қазақстан чемпионаты нәтижесінде ұлттық құрама жасақталып, жазғы ойындарға дайындықты бастайды.

Айта кетейік, қазір ұлттық құрама еншісінде бір ғана лицензия бар. Оны 2019 жылы ерлер құрамасы командалық бәсекеде жеңіп алды.