Қазақстандық теннисші Анталия турнирінің жартылай финалына шықты

Қазақстандық Александр Недовесов жұптық сында украиналық Денис Молчановпен бірге Анталия челленджер турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлады Olympic.kz.

Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясы мәлімдеді. Қазақстандық-украиналық жұп ширек финалда колумбиялық Даниэль Элахи Галан Риверос пен эквадорлық Эмилио Гомеспен шеберлік байқасты. Осы жарыстың 2-ракеткасы Недовесов – Молчанов жұбы қарсыластарын 6:3, 6:1 есебімен тізе бүктірді. Александр Недовесов пен Денис Молчанов жүлде қоры 44 820 АҚШ долларына бағаланған жарыстың финалына шығу үшін филиппиндік Трет Хьюи – нидерландылық Сэм Вербик жұбымен таласады.

Сондай-ақ...