ХОК Токио Олимпиадасының алғашқы ережелерін жариялады

Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК), Халықаралық паралимпиада комитеті және «Токио-2020» ұйымдастыру комитеті Жапониядағы жазғы ойындардың алғашқы ережелерін жариялады.

Бұл туралы ХОК сайтында хабарланған, деп жазады Olympic.kz.

Ойынға қатысатын спортшылар өздерінің жай-күйлері туралы есеп беретін арнайы қосымшаны пайдалануға міндеттеледі. Сондай-ақ олар айналадағы адамдармен физикалық байланысты болудан барынша қашуы тиіс, оның ішінде қол алысу да бар.

Қатысушылар өзара екі метрлік арақашықтықты сақтауы керек. Атлеттердің жарыс кезінде көрермендер қатарына отыруына тыйым салынады, сонымен қатар, жанкүйерлердің айғайлап, ысқыратын заттарды пайдалануына рұқсат жоқ. Спортшыларды тек қол шапалақтау арқылы ғана қолдауға болады.

Токиоға жол тартардан 72 сағат бүрын спортшылар коронавирусқа тест тапсырып, теріс нәтиже көрсетілгенін растайды. Жарысқа ұшып келерден екі апта бұрын спортшылар ішкі қарым-қатынасты азайтуы тиіс. Спортшыларға коронавирусқа қарсы вакцина күштеп салынбайды, біраз аталған ереже барлығына ортақ екенін ескеру қажет.

Егер аталған талаптар бұзылған жағдайда спортшы жарыстан шеттетілуі мүмкін.

Еске сала кетейік, 2020 жылғы Токио Олимпиадасына коронавирусты инфекцияға байланысты 2021 жылдың 23 шілдесі мен 8 тамызы аралығына ауыстырылды.