Халықаралық Олимпиада комитеті әр елге қосымша қаражат бөледі

Халықаралық Олимпиада комитеті Бейжің Олимпиадасы қарсаңында әр елдің ұлттық Олимпиада комитеттеріне қосымша ақша бөледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

ХОК Токиодағы жазғы Олимпиада ойындарының сәтті өтуіне үлес қосқаны үшін алғыс ретінде әр елге қосымша қаражат беретін болды. Бөлінетін қаражат көлемі 28,5 миллион долларды құрайды.

Бейжіңдегі Қысқы Олимпиада ойындары 4-20 ақпан аралығында өтеді.