«Ақтөбе» футбол клубы Эрвен Мукаммен келісімшарт жасасуы мүмкін

«Ақтөбе» футбол клубы түбі Камерун, қазіргі мекені Франция болған жартылай қорғаушысы Эрвен Мукаммен келісімшарт жасасуы мүмкін.

Кезінде БАТЭ сапында өнер көрсеткен Эрвен бас бапкер Алексей Баганың қалауы болса керек.

Дәулет Дәукенов чемпиондық белдікке таласады. Бірінші орта салмақтағы жерлесіміздің келесі жекпе-жегіне қатысты ақпарат шықты. Ол 13 ақпан күні Украина астанасы Киев қаласында жұдырықтасады. Қарысаласы жергілікті Олександр Абрамян есімді былғары қолғап шебері. Кездесу нәтижесінде WBC Asia continental белдігінің иегері анықталады.Қазақстандық боксшы қазір елордада соңғы дайындығын пысықтап жатыр. Айта кетейік, 27 жастағы Дәулет бүгінге дейін 9 жек-пек өткізіп, 8-інде жеңіске жетті. WBA Asia чемпиондық белдігінің иегері. Ең соңғы жекпе-жегі былтыр қазан айында болды. Украниналық Назри Рахимовпен кездесіп, төрешілер шешімімен жеңімпаз атанды.

***

Токио Олимпиадасына дайындық

Қазақстандық дзюдошылар кешенді дайындыққа кірісті. Алдағы олимпиада ел намысын онға жуық жерлесміз қорғауы қажет. Қазірдің өзінде 8 үміткер анықталды. Оның жетеуі ерлер арасында, біреуі қыздар арасында сынға түседі. Бұл жөнінде Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Қайрат Қожамжаров мәлімдеді. Оның айтуынша, Олимпиадаға дейін 9 халықаралық турнир бар. Осы бәсекелерде ұлттық құрама мүшелері жақсы өнер көрсетіп, тиісті ұпайларды жинау керек. Жапон жекпе-жегінің лицензиялары рейтинг бойынша беріледі.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы жыл басынан бері «Мастерс» сериясындағы екі жарысқа қатысты. Бірақ жүлдегерлер қатарына іліге алмады. Ал, Токио Олимпиадасы 23 шілдеде басталады.

***

«Барыс» «Металлургтен» жеңілді

Елордалық «Барыс» сырт алаңда магниторлық «Мателлургтен» жеңілді. Айдын иелері екінші кезеңнің басында есеп ашты. Бірақ біздікілер көп ұзамай ұпайды теңістірді.

Есепті теңістірген барыстық Филипп Вароне қарсыластың қапасына тағы бір шайбасын салып, командасын алға шығарды. Бірақ соңғы кезеңде ресейліктер белсенді ойнап, барыстан айласын асырды. Кезекті екі шайбаны соқты. Осылайша, «Металлруг» өз тарихында алғаш рет қатарынан 10 мәрте таза жеңімпаз атанды. Ал, «Барыс» турнир кестесінде 62 ұпаймен 8-орында келеді.