«Бавария» клубтық әлем чемпионатында жеңіске жетті

Эр-Райянада (Катар) клубтық әлем чемпионатының финалдық матчі өтті, деп хабарлады Vesti.kz.

Бұл кездесуде мексикалық «Тигресті» 1:0 есебімен ұтқан «Бавария» трофейді иеленді.

59-шы минутта жалғыз голды мюнхендік клубтың қорғаушысы Бенжамен Павар салды. Бастапқыда төреші бұл допты есептемеді. Ол гол кіргенге дейін Роберт Левандовски офсайдта болды деп ойлаған. Дегенмен VAR арқылы ереже бұзылмағаны анықталды. Ал Левандовски турнирдің ең мықты ойыншысы атанды. 

«Бавария» клубтық деңгейдегі әлем чемпионатын екінші рет ұтып отыр. Мұның алдындағы трофейді команда 2013 жылы иеленген.