Мәнерлеп сырғанаудан ел кубогі сарапқа салынып жатыр

Алматыда мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан Республикасының кубогі сарапқа салынып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биылғы бәсеке Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған. «Алматы Аренадағы» жарыс елдегі карантин жағдайына байланысты көрерменсіз өтіп жатыр. Мәнерлеп сырғанаушылар қысқа және еркін бағдарлама бойынша өнер көрсетеді. Балалар, жасөспірімдер және ересектер болып үш топқа бөлінген спортшылар командалық есеп бойынша үздіктерді анықтайды. Үш күндік жарысқа еліміздің тоғыз облысынан 76 спортшы қатысып жатыр. Кубок иегерлері ертең белгілі болады.

Юрий Гуськов, жарыстың бас төрешісі:

- Мәнерлеп сырғанаушылар жекелей өнер көрсету арқылы командасына ұпай жинайды. Үш күндік сайыста үздік өнер көрсеткен үш команда арнайы кубокпен марапатталады. Мәнерлеп сырғанаушы балалар да өз бағын сынап жатыр.