Академиялық есуден Азия іріктеу турнирі: Қазақстан квалификация кезеңіне қатысады

Бүгін, 4 мамыр күні Токиода академиялық есуден Олимпиада ойындарына іріктеу турнирінің квалификация кезеңі басталады, деп хабарлады Olympic.kz.

Азия құрлықтық іріктеу додасына Қазақстан сапынан барлығы төрт спортшы қатысады. 

Әйелдер арасында біреулік сайысқа Светлана Германович, ерлер арасында Владислав Яковлев бақ сынайды. Ал ерлер арасында екеулік есу бойынша Александр Афанасьев пен Анастас Шашков жарыс жолына шығады. 

Айта кетерлігі, Азия құрлықтық іріктеу турнирінің негізгі кезеңі 5-7 мамыр күндері өтеді.