«Милан» клубы «Ювентусты» он жылда алғаш рет жеңді

А сериясының соңғы ойындарында көпшілік күтпеген нәтиже тіркелді.

«Милан» сырт алаңда «Ювентусты» 3:0 есебімен ойсырата ұтты. Бірінші тайм түгесілер шақта қонақтардың жартылай қорғаушысы Браим Диас өз командасын алға шығарды. Ал ойынның 78-минутында Анте Ребич таблодағы көрсеткішті еселей түсті. Алайда Милан ойыншылары мұнымен тоқтаған жоқ. 82-минутта Фикайо Томори матчтағы үшінші голды соғып, ойынды түйіндеді.  

Осылайша «Милан» 72 ұпай жиып, турнир кестесінің үшінші сатысына орнықты. Ал қоржынында 69 ұпайы бар туриндік клуб 5-орынға жайғасты.

Айта кетейік, «Милан» «Ювентусты» сырт алаңда он жылда алғаш рет жеңіп отыр.

Сондай-ақ...