Өскемендегі теннис турниріне кіру үшін Ashyq жүйесі қолданылды

Өскеменде үлкен теннистен республикалық турнир алғаш рет «Ашық» қосымшасының көмегімен ұйымдастырылды. 

Тексеруден әуелі жаттықтырушылар, көрермендер және жарысты ұйымдастыру комитетінің өкілдері өтті. Ал спортшылар елдің 9 өңірінен келген. Олар  үшін залдар санитайзер, шешінетін бөлмелер мен корттарды ультра күлгін сәулелендіргіш құрылғымен жабдықталған. Жалпы жасөспірімдер арасында былтыр карантинге  байланысты жарыс өтпеген. Енді жылға жуық үзілістен кейін қайта басталды. Алдағы уақытта Бахрейн, Сингапур және Үндістаннан келген 14 жасқа дейінгі спортшы балалар арасында Азия ойындары өтеді.

Жасұлан Сартаев, жарыстың бас төрешісі:

- Бұл жарыстар Қазақстанның халықаралық дәрежедегі жарыстарға дайындығына көп әсерін тигізеді. Осы турнирлердің жеңімпаздары арасында халықаралық АТP турнирлер арасына жолдама алады.