Нидерланд Солтүстік Македония командасын жеңді

«С» тобының командалары да іріктеу кезеңі аясындағы соңғы матчтарын өткізді.

Атап айтқанда, Нидерланд Солтүстік Македония құрамасымен жолығып, өз мықтылығын кезекті рет дәлелдеді. 24-минутта Мемфис Депай есеп ашса, 51-минуттан кейін Жоржиньо ВейнАлдум дубль жасады. Қорытынды есеп: 3:0. Ал Украина Австрияға қарсы терезесі тең ойын көрсеткенімен, 0:1 есебімен ұтылып қалды. Бірінші таймда басынан жарақат алған Кристоф Баумгартнер жалғыз гол авторы атанды. Бірақ украиналықтардың келесі кезеңге шығатыны немесе шықпайтыны үшінші кезең матчтары толық аяқталғаннан кейін белгілі болады. Әзірге Нидерланд мен Австрия плей-оффқа жолдама алды. Ал Солтүстік Македония жарыс жолынан шығып қалды.