«Яшар Догу» турнирі: әйелдер күресінен Қазақстан 5 медаль жеңіп алды

Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының спортшылары Түркияда халықаралық турнирде жүлдегер атанды, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Бүгін, 26 маусым күні Түркияның Стамбул қаласында әйелдер күресінен Яшар Догу атындағы халықаралық турнирі басталды. 

Жарыстың алғашқы күнінде қазақстандық спортшылар бес медаль жеңіп алды. 

55 келіде Айша Уәлишан мен 65 келіде Айна Теміртасова, 72 келіде Валерия Гончарова жарыстың күміс жүлдегерлері атанды.

Ал 65 келіде белдескен Гаухар Мұқатай мен 55 келідегі Сандуғаш Дюсенова қоржынды қос қоламен толықтырды.