Токио-2020: Спортшыларға аптап ыстыққа дайын болуға кеңес берілді

Токиодағы Олимпиада ұйымдастырушылары спортшылар мен шараға қатысушыларға аптап ыстыққа дайын болуға шақырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Себебі, салтанатты ашылу алдында Жапония астанасында күн ысиды. Осыған байланысты комитет адамдарға өзімен бірге су алып жүруге кеңес берді. Аптап ыстықтан бөлек, коронавирусқа қарсы қауіпсіздік шаралары да қатаң. Ауа райының қолайсыздығына байланысты кейбір спорт түрі елдің солтүстігінде орналасқан Саппоро қаласында өтеді.