Коронавирус жұқтырған спортшыны Олимпиада жарысынан шеттетті

Токиодағы олимпиада ойындарына қатысушылар арасында чилилік тхэквондист Фернанда Агирреден коронавирус анықталды деп хабарлайды Хабар 24.

Бұл туралы Чили Олимпиада комитетінің твиттері-аккаунтында жарияланды. 

21 жастағы спортшы қыз екі рет тест тапсырған. Екі тесттен де Агирренің коронавирус жұқтырғаны анықталды. Бірақ тхэквондошы қыздан вирустың ешқандай белгілері болмаған. Ол 10 күндік карантинге жіберілді. Енді Фернанда Токиодағы Олимпиада ойындарына қатыса алмайды. 

Айта кетейік, жалпы 1 шілдеден бастан 75 адамнан коронавирус анықталды. Олардың ішінде спортшылар, ресми өкілден және делегация мүшелері бар.

Сондай-ақ...