МакГрегордың қайтып келетініне сенімдімін – UFC президенті

UFC президенті Дана Уайт Конор МакГрегордың қашан кезекті жекпе-жегін өткізетінін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол МакГрегордың Дастин Порьемен жекпе-жекте алған жарақатын қалпына келтіру үшін 9 ай қажет екенін айтты.

«МакГрегор – бұл біздің ғана емес, қоғамның да үлкен жұлдызы. Ол аралас жекпе-жек дәуіріндегі ең жарқын ойыншылардың бірі. Конор тоғыз айдай емделеді, сондықтан мен оны шамамен бір жылдан кейін шаршы алаңға оралады деп күтемін. Иә, оның қайтып келетініне сенімдімін», - деді Уайт.

Еске сала кетейік, UFC 264-те өткен кейінгі жекпе-жегінде МакГрегор бірінші раундта аяғын сындырып алып, Дастин Порьеден жеңіліп қалды.