Әлем кубогында топ жарғандар марапатталды

Қазақстанның киокушин шеберлері бүкіләлемдік бәсекеге қатысып, 1 күміс және 3 қола жеңіп алды, деп хабарлайды Хабар 24.

Жасөспірімдер мен жастар арасындағы бұл жолы кубогты Болгария қабылдаған. Оған 17 елдің өкілдері қатысты және біріктірілген форматта болды. Яғни, каратэ әлеміндегі 4 бірдей федерацияның мықтылары  сынға түскен. Араларынан Әмір Сабыров, Рахат Жаңғабылов, Әділхан Ақылжан және Ұлжан Рақышовалар ел намысын абыроймен қорпғады. Олармен елордада қалалық филиал басшылары кездесіп, арнайы сыйлқтар табыстады. Жарыс барысындағы жағдайлар талқыланып, алдағы жоспар нақтыланды.

Әділхан Ақылжан, әлем кубогының жүлдегері:

– Осы жарысқа 1-2 айдай дайындалдық. Жаттығуымыз жақсы деңгейде өтті. Аға жаттықтырушымыз жақсы өткізді. Жарысқа деген дайындығымыз да жақсы болды.

Рахат Жаңғабылов, әлем кубогының жүлдегері:

Спорт болған соң бақ шаба ма, бап шаба ма дейді. Осы жолы бағымыз жанбай үшінші орын алып қалдық. Бірақ қолымыздан келгенін ісдедік деп ойлаймын. Алда жолспарлар көп. Жаттықтырушымызбен сөйлесіп, алдағы жарыстарға дайындаламыз.