Токио-2020: Данияр Қайсанов жартылай финалда

Еркін күрестен 74 келідегі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған Данияр Қайсанов ширек финалдық бәсекені жеңіспен аяқтады деп хабарлады Хабар 24 Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Қайсанов ширек финалда египеттік Амир Реда Хуйсейнмен кездесіп, 8:5 есебімен жеңіске жетті.

Жартылай финалда Данияр Қайсанов әлем чемпионы, ресейлік Заурбек Сидаковпен кездеседі. 

Белдесу Нұр-Сұлтан уақытымен 15:00-ге жоспарланған. 

Сондай-ақ...