Елордада ұлттық спорттың 8 түрінен жарыс өтеді

Елордада «Ұлы дала рухы» фестивалі бастау алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

7 мыңнан астам спортшы көкпар, бәйге, теңге ілу, аударыспақ, жамбы ату, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, асық ату бойынша сынға түседі. Бүгін жеребе тарту рәсімі өтті. Бірінші кезеңде 14 облыс пен 3 қала 4 топқа бөлініп, өзара мықтыны анықтайды. Ал екінші кезеңде жартылай финалдық және финалдық бәсекелер өтеді. Фестиваль 9 қазанға дейін жалғасады.

Нұркен Байбуриев, ҚР ат спорты түрлерінен мемлекеттік жаттықтырушы:

– Бұл фестивальдің ерекшелігі, жастар мен жасөспірім арасында.  Қазақстанның 4 аймағында, батыс, шығыс, оңтүстік-шығыс өңірлердегі аймақтардың арасындағы сайыс өтеді. Іріктеу енді басталып жатыр. Ақтық сайысқа 200-ден астам спортшы қатысады.