«Астананың» велошабандозы Испаниядағы жарыста құлап қалды

«Вуельта Испания» бәсекесінің 17-кезеңі қиын өтті. Бұл жолы спортшылар 185 шақырымды бағындырған. 

Толассыз жауған жауын оларға кедергі келтірді. Тіпті мәреге 50 шақырым қалғанда жаппай сүрініп, жарақат алып жатты. Олардың арасында «Астана» сапындағы Александр Власов та бар. Қазақстандық клуб үздігі сәл ақсаңдап, кейін жарысты қайта жалғастырды. Ол мәреге жетпіс тоғызыншы болып жетті. Салдарынан жалпы есептегі жағдайы да нашарлады. 11-сатыдан 19-сатыға төмендеді. Қазақстандық команданың басқа мүшелері, тіптен төменгі орындарда. Мәселен, Горка Иссагери мен Ион Иссагери жалпы есепте сәйкесінше 24 және 31-орында тұр. Ал Юрий Натаров 82-орында. Алда енді 4 кезең бар. Жарыстың жалпы қорытындысы 5 қыркүйекте белгілі болады.

Рыбакина үшінші айналымға шықты

Рыбакина үшінші айналымға шықты. Нью-Йорк қаласында теннистен Американың ашық чемпионаты өтіп жатыр. Оған әлемнің ең үздіктері жиналған. Араларынан қазақстандық Елена Рыбакина суырылып алға шықты. Ол екінші айналымда франциялық Каролин Гарсиямен жолығып, айқын басымдықпен ұтты. Қорытынды есеп:  6:1, 6:4. Енді Елена румыниялық Симона Халеппен кездеседі. Айта кетейік, күні кеше ерлер арасында тағы бір жерлесіміз Александр Бублик те жеңіске жетті. Ол алғашқы айналымда германиялық спортшыны ұтып, келесі кезеңге өтті. Америкадағы аламан 12 қыркүйекке дейін жалғасады. Ал оның жалпы жүлде қоры 57 миллион долларды құрайды.

Сондай-ақ...