Әлішер Жұмақан Омбыдағы Гран-приде жеңіске жетті

Омбыда (Ресей) Қазақстанның қатысуымен велоспорттан Гран-при өтіп жатыр, деп хабарлайды Хабар 24.

«Нұрсұлтан» велокомандасының атынан қатысатын велшабандоз 24 жастағы  Әлішер Жұмақан ұпай бәсекесінде бірінші орынды иеленді.

Спринтте де жерлестеріміз жеңіс тұғырынан көрінді. Сергей Пономарев бірінші, Андрей Чугай екінші орын алды.