Қазақстан құрамасы Боснияға қарсы ойында негізгі қорғаушы мен капитансыз қалды

Қазақстан ұлттық құрамасының бірнеше футболшысы Боснияға қарсы өтетін ойынға қатыса алмайды. Оған виза рәсімдеу процесінің ұзақтығы себеп болып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осылайша командамыз маңызды матч алдында негізгі қорғаушы мен капитансыз қалды.

Еске салайық, дәл осындай себеппен Бахтиер Зайнутдинов Финляндияға қарсы ойынды алаң сыртынан тамашалаған. Бұдан бөлек, Марат Быстров, Абат Айымбетов және Руслан Валиуллин жарақат алды. Олардың ойынға қатысу-қатыспауы әзірге белгісіз.

Қазақстан ұлттық құрамасы Финляндиядан Боснияға 8 сағатта жетті. Матч өтетін Зеница қаласына автобуспен барғанша тағы 3 сағат өтті. Бұл әрине футболшыларға әсер етпей қоймайды. Оның үстіне бірнеше ойыншының матчқа қатыспайтыны жағдайды одан әрі күрделендіріп отыр. Алматылық Қайраттың қорғаушысы Нұралы Әліп пен қостанайлық Тобылдың жартылай қорғаушысы Азат Нұрғалиев виза рәсімдеудегі қиындыққа байланысты Боснияға бармады.   

Ермұхамед Мәулен, ҚФФ баспасөз хатшысы:

– Матч болатын қалаға кеше түнде жетті. Бүгін кешкі сағат 8-де жаттығу жұмыстары жүреді. Оған Қазақстан құрамасы түгел, мықты құраммен шығады. Қазақстан құрамасына Бахитер Зайнутдиновтің да қосылғанын айта кетейік. Бірақ қорғаушы Нұралы Әліп виза мәселесіне байланысты қайтадан елге ұшуға мәжбүр болып отыр. Яғни Финляндияға кіру рұқсатын алғанымен Босния мемлекетіне кіретін ешқандай рұқсаты болмады. Сондықтан ол қазір Мәскеу-Алматы бағытында қайтадан жолға шықты.

Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір виза рәсімдеу процесі қиындап кеткен. Бұл әсіресе, футболшыларға ыңғайсыз болып отырған көрінеді.

Еске салайық, дәл осы құжат мәселесіне байланысты мәскеудің ЦСКА-ның ойыншысы Бахтиер Зайнутдинов Финляндияға барғанмен, ойынға қатыса алмаған. Енді ол Боснияға қарсы матчта барын салады. 

Ермұхамед Мәулен, ҚФФ баспасөз хатшысы:

– Зайнутдиновке виза алу өте қиын болды. Қазір жалпы виза беру қиындап кеткен. Консулдықтардың барлығы, елшіліктер ұзақ қарайтын болған. Жай адамдар ерте бере алады. Бізде футболда ондай жоқ. Ол бір апта бұрын Австрияда ЦСКА-мен ойнаған.

Біз айтқан қос футболшыдан басқасы матчқа дайын. Бас бапкер Талғат Байсуфинов қыркүйектегі ойындарға бірнеше жаңа ойыншыны шақыртқан. Ұлттық құрамадағы алғашқы матчын Финляндияға қарсы өткізген «Шахтер» шабуылшысы Айдос Тәттібаев бұл жолы да беріспейміз деп отыр.

Айдос Тәттібаев, Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы:

– Төрт ойыннан соң екі ұпай еншілеген Қазақстан құрамасы әзірге Д тобында 5-орында келеді. Ал көш басында 9 ұпайы бар Франция. Егер ертең біздің футболшылар Боснияны жеңсе, онда төртінші орынға көтеріледі. Матч түнгі сағат 12:45-те басталады.