Норвегияда 1300 жыл бұрын жасалған шаңғы табылды

Норвегияның Дигерварден тауындағы Райнхесен ұлттық паркінде археологтар 1300 жыл бұрын жасалған шаңғыны тапты, деп хабарлайды Daily Mail Ice program Secrets-ке сілтеме жасап.

Шаңғының біреуі 2014 жылы табылған. Екіншісі араға жеті жыл салып анықталып отыр – себебі ол мұздың астында қалып қойған. Осылайша бұл ғалымдар тапқан ең көне жұп шаңғы болды.

Жаңадан табылған шаңғының ұзындығы – 187 сантиметр, ені – 17 сантиметр. Біріншісінің (2014 жылы табылған) өлшемдері басқа: оның ұзындығы – 17 сантиметрге, ал ені 2 сантиметрге қысқа. Ғалымдардың пікірінше, өлшемдердың әртүрлі болуына құрылғылардың қолмен жасалуы себеп.