Футбол: «Қайрат» «Ақтөбеден» басым түсті

«Қайрат» Қазақстан чемпионатының 24-турында сырт алаңда «Ақтөбені» 2:1 есебімен жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алматылықтар бірінші таймда Артур Шушеначев пен Гүлжігіт Әліқұловтың голдары арқасында алға шықты. Екінші таймда «Қайрат» тағы бір гол соқты, бірақ өз қақпасына – Нұралы Әліп автогол авторы атанды.