Санатәлі Төлтаев әлем чемпионатында украиналық боксшымен кездеседі

Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық боксшы Санатәлі Төлтаевтың келесі қарсыласы анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

63,5 келіге дейінгі салмақта 1/8 финалда Төлтаев украиналық Денис Песоцкиймен кездеседі, ол хорват боксшысы Матео Комадинаны 5:0 есебімен жеңді. Жекпе-жек 1 қарашада өтеді. Песоцкий жастар арасындағы Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері атанған.

Санатәлі Төлтаев 2021 жылғы әлем чемпионатын молдовалық Василий Чеботарды 5:0 есебімен ұтты. Сондай-ақ алтыншы жарыс күнінде қазақстандық тағы үш боксшы жеңіске жетті: Теміртас Жүсіпов (48 келі), Нұрқанат Райыс (75 келі) және Нұрбек Оралбай (80 келі).