Головкин бірнеше белбеу бәске тігілетін жекпе-жек өткізуі мүмкін

WBC нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы америкалық Джермалл Чарло (32-0, 22 КО) жақын арада ірі жекпе-жекке қатысуға ниетті екенін мәлімдеді. Ол нұсқалардың бірі ретінде IBF және IBO титулдарының иесі қазақстандық Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) жекпе-жек өткізуді қарастырады,  деп хабарлайды «Хабар 24» Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.

«Қазір менің командам мега-айқас ұйымдастыру жұмыстарымен айналысуда. Головкин белбеулерді біріктіретін жекпе-жек өткізгісі келеді. Сондықтан біз осы атақтардың барлығы үшін күресетін шығармыз. Бұл үлкен жекпе-жек болары еді. Егер Головкин Муратаны жеңіп, титулдарды біріктіретін болса, біз де онымен бірлесе аламыз», - деді Чарло PBC Podcast арнасының эфирінде.

Джермалл мексикалық Сауль Альварес пен америкалық Калеб Плант арасындағы жекпе-жектің жеңімпазымен жұдырықтасуға да қарсы емес: «Кім жеңімпаз болса, мен онымен жемісті келіссөз жүргізе аламын деп ойлаймын. Егер осы жігіттердің бірі маған мүмкіндік берсе, мен пайдаланамын».

 

Сондай-ақ...