Әлем чемпионатында әнұранды шатастырды. Қыздарымыз оны жанды дауыста орындап шықты

Дәл қазір Испанияда гандболдан әлем чемпионаты өтіп жатыр. Қазақстандық қыздар Иран құрамасымен кездескенде матч басталмай тұрып, қос елдің әнұраны айтылуы керек еді. Ұйымдастырушылар дәл осы тұста олқылыққа ұрынды. Тікелей эфирде болып жатқан жарыс кезінде олар Қазақстанның ескі әнұранын қосып жіберген. Қателікті дер кезінде байқаған гандболшы қыздар сасқан жоқ. Қазақстанның қазіргі әнұранын өздері шырқады. Қазір әлеуметтік желіде матчтың осы бір сәті қызу талқыланып жатыр. Кездесудің өзі 31:25 есебімен аяқталды. Жеңіске жеткен жерлестеріміз өз тобының 3-сатысына жайғасып, негізгі раундқа жолдама алды. Енді алдағы күндері Германия, Венгрия және Чехия құрамаларымен жолығады.