Бейжіңдегі олимпиадаға тағы бір ел бойкот жариялады

Жапония келесі жылдың ақпанында Бейжіңде өтетін Олимпиада ойындарына бойкот жариялады, деп хабарлайды Хабар 24.

Жапондықтар мұны Қытайда адам құқықтарының бұзылуымен түсіндіріп отыр. Бұған дейін тиісті шешім қабылдаған елдер қатарында АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Литва, Австралия мен Жаңа Зеландия болған.

Бір айта кетерлігі, аталған мемлекеттер дипломатиялық бойкот жариялап отыр. Яғни төртжылдықтың басты бәсекесіне ресми тұлғалар бармайды. Ал спортшылардың қатысуына еш шектеу жоқ. Дүбірлі додада атлеттер өз өнерін көрсете алады.