BAQ Liga: волейболдан жеңімпаз анықталды  

Волейболдан журналистер арасындағы «BAQ Liga» жеңімпазы анықталып, «Qazaqstan-Qazsport» бірінші орын алды, деп хабарлайды Хабар 24.

Бұл сында «Qazaqstan-Qazsport» командасы үздік атанды. Финалда олар «Хабар» командасын 2:1 есебімен жеңді. Бұл бәсекеде журналистер ұжымының қай-қайсы да аянып қалған жоқ. Бар шеберліктерін көрсетті. Нәтижесінде «Qazaqstan-Qazsport» бірінші, «Хабар» командасы екінші, ал «7 арна» үшінші орынды иеленді. Биыл волейболдан «BAQ Liga» жарысында 12 команда бақ сынады. 

Әсел Әбілбекова, волейболдан «BAQ Liga» жеңімпазы:

– Ойын өте тартысты өтті. Хабар осал емес, фавориттердің қатарынан. Барымызды салдық. Чемпион болу үшін қатыстық. Сол арманымыз орындалды.