«Барселонаның» үш ойыншысы коронавирус жұқтырды

«Барселона» футбол клубының тағы үш ойыншысы коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қорғаушы Самюэль Юмтити, жартылай қорғаушы Гави және шабуылшы Усман Дембеленің коронавирусқа тапсырған тесті оң нәтиже көрсетті. Ойыншылар оқшауланды.

Айта кетейік, бұлған дейін каталониялық клубтың қорғаушылар Дани Алвес, Клеман Ленгле және Хорди Альбаның коронавирус жұқтырғаны хабарланған еді.