Australian Open: Андрей Голубев ширек финалға шыға алмады

Қазақстандық Андрей Голубев аралас сында ширек финалға шыға алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

А.Голубев украиналық Людмила Киченокпен бірге екінші айналымда жапондық Макото Ниномия - пәкістандық Айсам-уль-Хак Курешимен кездесті. Бір сағаттан астам уақытқа созылған матчта жапондық-пәкістандық жұп 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша А.Голубев те жарыс жолынан шығып қалды. Жасөспірімдер турнирінде тағы бір қазақстандық 17 жастағы Аружан Сағындықова жарыстың 8-ракеткасы, бельгиялық Софья Костуласқа есе жіберді - 1:6, 2:6.

Аружан биыл қалған үш «Үлкен дулыға» турниріне қатысады. Келесі жылы 18-ге толғаннан кейін ересектер додасына қосылады.