Бейжің-2022: бүгін қазақстандық қыздар екі түрлі сайыста бақ сынайды

Бүгін Бейжіңдегі Олимпиада жүлделерін сарапқа салатын үшінші күн. Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелері де жарыс жолына шығады.

Спортшы қыздарымыз екі түрлі сайыста бақ сынайды. Нақтырақ айтқанда, Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 14:30-да конькимен жүгіру бойынша, іле шала сағат 15:00-де биатлоннан сынға түспек.

Жерлестерімізге сәттілік тілейміз!