Әлем чемпионаты: Қазақстан намысын қорғайтын спортшы қыздардың есімі белгілі болды

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы Ыстамбұлда өтетін XII әлем чемпионатына қарқынды дайындалып жатыр, деп хабарлайды Olympic.kz.

Қазір Шәміл Сафиуллин шәкірттері Босфор бұғазының жағасында жаһанның мықты боксшыларымен бірге оқу-жаттығу жиынында жүр, Байрақты бәсекенің ашылу рәсімі 8 мамырда өтсе, 21 мамырда әр салмақтың жеңімпазы тұғыр биігіне көтеріледі. 

Қазақстандық құраманың тізімі:

48 кг. Алуа Балқыбекова

50 кг. Назым Қызайбай

52 кг. Жайна Шекербекова

54 кг. Дина Жоламан

57 кг. Карина Ибрагимова

60 кг. Римма Волосенко

63 кг. Аида Абикеева

66 кг. Дариға Шәкімова

70 кг. Валентина Хальзова

75 кг. Надежда Рябец

81 кг. Гүлсая Ержан

+ 81 кг. Ләззат Күнгейбаева