Желаяқ М.Ермағанбетұлы Алтайдан Атырауға дейін жүгіріп өткісі келеді

Елордалық әуесқой ультрамарафоншы Марғұлан Ермағанбетұлы Алтай мен Атырау арасындағы ұлан ғайыр атырапты жүгіріп өткісі келеді. 22 күн ішінде Қатонқарағай асуларын еңсеріп, Ерейментау желімен жарысқан желаяқ бас шаһарға да жетті. Ертең таңғы уақытта бағытын жалғастырып, Арқалық арқылы батысқа бет алады. Басты мақсатым ішкі туризмді және салауатты өмір салтын насихаттау, дейді спортшы.

Солтүстіктен оңтүстікке және шығыстан батысқа дейінгі бірнеше мың шақырым қашықтықты жүгіріп емес, көлікпен жүріп өтудің өзі бір мұң. Алайда ультрамарафонның денсаулыққа берер пайдасы мол. Адам өз мүмкіндігінің шексіз екенін түсініп, ерік-жігері артады. Халық арасында әуесқой спортты насихаттап жүрген Марғұлан Ермағанбетұлы соңғы 3 жыл бойы осыны дәлелдеп келеді.

Марғұлан Ермағанбетұлы, әуесқой ультрамарафоншы:

- Өскемен мен Екібастұз қаласында аялдадым. Өйткені өз өзіме келу керек болды. Қалған уақыттарда күніне 40-80 шақырымға дейін жүгіріп отырдым. Қазағымыздың қонақжайлығы әлі жоғалмағанына көзім жетті. Өйткені 22 күннің 5 күнінде ғана қонақүйде жаттым. Қалған 15 күні қазағымның дастарханынан дәм татып сол қонақжайлығына көзім жетті.

Шығыс Қазақстан облысынан елордаға дейінгі аралықта интернеті жоқ ауылды көрген жоқпын, дейді Марғұлан. Бірақ ішкі туризмді дамытуға кедергі келтіретін жағдайлардың барын жасырмады. Мәселен, трасса бойында асхана аз.

Марғұлан Ермағанбетұлы, әуесқой ультрамарафоншы:

- Жоспар бойынша қазір Арқалық қаласы деп отырмын. Жалпы Қостанай облысы, одан кейін Ақтөбе облысы, одан кейін Атырау облысы.

Марғұланның басты жанкүйері жан жары мен ұл-қыздары. Сапарға кеткен сайын уайымдап отыратын жанұясы бұл. Өйткені ультрамарафоншының қасында ілесіп жүретін ешқандай команда жоқ. Бұл спорт түрінің қауіптілігі де осында.

БЛИЦ

- Сағыныш болады. Бірақ енді өзінің алға қойған бірақ мақсаты осы болғандықтан біз тек қана қолдаймыз. Видеоқоңыраумен жиі байланыста боласыз ба? Әрине күнделікті, күнде. Онсыз болмайды.

- Иә, мен папамды уайымдаймын. Уайымдаған кезде сәттілік пен ақ жол тілеймін.

Ультрамарафон сынды бұқаралық спорт түрі қолжетімді болғанымен елде кенжелеп тұрғаны рас. Осыған байланысты Марғұлан өзгелерді қатарына қосып, жүгіру спортына баулығысы келеді. Бастысы жарты жол артта қалды. Ендігі мақсат Атырауға аман-сау жету. Алда әлі 2 мыңнан астам шақырымды жүгіріп өту керек. Бұған 3-4 апта жұмсалуы мүмкін.

Мирлан Алтынбек, Дархан Күнтуов