Еркін дайвингтен әлем рекорды жаңарды

Француз спортшысы Арнольд Жеральд еркін дайвингтен әлем рекордын жаңартты.

Багам аралдарында арнайы ұйымдастырылған дайвинг кезінде спортшы 3 минут 34 секундтың ішінде 120 метр тереңдікке сүңгіді. 26 жастағы Жеральд осымен жетінші мәрте әлем рекордын жаңартып отыр. Жалпы тамыздың 1-інен 11-іне дейін жалғасқан дәстүрлі Вёртикал Блю сайысына 42 атлет қатысып жатыр. Олар дайвинг сайысының кез келген түрінде 6 реттен өнер көрсете алады. Жарыс басталғалы Арнольд Жеральд рекордтық көрсеткішке екі рет қол жеткізген.

Арнольд Жеральд, француз дайвері:

- Дайвинг керемет болды. Рекорд орнатқаныма әлі сене алмай тұрмын. Тереңдікке сүңгу мен ойлағаннан да жақсы өтті, командамен бірге өзімді қауіпсіз сезіндім. Жетінші рет рекорд жаңарттым, бірақ осы жолы тереңдікке сүңгуден ерекше рахат алдым. Содан болар еш қиын болмады.