Ұлттық құрама есе жіберді – Дэвис кубогі

Есе кетті, бірақ үміт үзілмеді. Дәл қазір Шотландияның Глазго қаласында теннистен жылдың басты бәсекесі Дэвис кубогі өтіп жатыр. деп хабарлайды «Хабар 24».

Жарыстың алғашқы күні қазақстандық жігіттер Нидерланды командасымен жолығып, 2:1 есебімен жеңіліп қалды. Дүбірлі доданың барысы жайында ұлттық құрамамен бірге аттанған әріптесім Аслан Қаженов баяндады. Жарыстың басталуына бірер сағат бар. Бірақ Емирейтс Аренаның алдында абыр-сабыр. Жалпы Дэвис кубогін спорттық сайыстан гөрі, спорттық мереке санайды көпшілік. Осы мақсатта кәрі құрлықтың түкпір-түкпірінен, тіпті, елімізден арнайы ат терлетіп келгендерді де кездестірдік.

Еркебұлан Қойшыбеков, жанкүйер:

– Жарыс ә дегеннен тартысты басталды. Ұлттық құрамадағы Михаил Кукушкин әлемдік рейтингте 48-орында тұрған Таллон Грикспурға жол берді. Айта кетейік, жерлесіміз жаңағы тізімде 221-ші. Соған қарамастан тегеурінді қарсылық танытты. Қорытынды есеп: 6:1, 3:6, 6:3.

Асқар Ағатаев, Қазақстан теннис федерациясының баспасөз хатшысы:

Одан кейін кордқа Александр Бублик шықты. Қазақстан құрамасының үздігіне зор үміт артылып еді. Ол да ойын ортасына қарай жиі қателесіп, ақыры қарсыласына жол берді. Ойын тағдыры осы жерден-ақ шешілді деуге болады. Өйткені, Дэвис кубогі 3 кездесуден ғана тұрады және дәл осы жағдайда соңғы, яғни, жұптық бәсеке ештеңені шеше қойған жоқ.

Александр Бублик, теннистен ұлттық құрама мүшесі:

Жекелей сында да, жұптық сында да өнер көрсеттім. Физикалық  тұрғыда ауыр дей алмаймын. Күнделікті жаттығуда осындай жүктеме аламыз. Бір қуанарлығы соңғы кездесуде ұттық. Бірақ жалпы есепте жеңіліп қалдық.