352.90 417.80 5.31
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шымкенттік бағбан елорданың мерейтойына 90 мың түп гүл жөнелтпек

  • Read 384 times
Шымкенттік бағбан елорданың мерейтойына 90 мың түп гүл жөнелтпек

Тоқсан мың шырайгүл, сәлбен мен барқытгүл Астананы көркейте түспек.

Мұндай әдемі сыйлықты ОҚО шаруасы Астананың туған күніне сыйлады.

Уктам Абдурасуловтың айтуынша, ол жыл сайын жылыжайда миллионға жуық гүл өсіреді екен. Өткен жылы оның гүлдері ЭКСПО халықаралық көрмесінде көз тартар көрік берсе, Өскемен, Талдықорған, Алматы көшелерін сұлулыққа бөлеген. Биыл алғаш рет Қырғызстанға экспортқа шығарылған гүлдерді шаруа келесі жылы ресей нарығына шығаруды жоспарлап отыр. Сыйлық тиеген жүк көлігі жақын арада елордаға бет алмақ.

Уктам Абдурасулов, фермер:

- Сыйлықтарды жасай береміз. Құдай қаласа, біздің гүлдер Астанамыздың тұрғындарымен қонақтарының көзін қуантып, адамдарға қуаныш сыйлап жатқанын көріп қуанып жатырмыз.

back to top
Хабар 24 телеарнасы