369.36 436.00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Аңыздардың сиқыры» Астанада көрсетілді

  • Read 122 times
«Аңыздардың сиқыры» Астанада көрсетілді

Еліміздің Ұлттық музейінде ХІХ ғасырдағы француз кескіндемесінің 48 жауһары көрермен назарына ұсынылды.

Көрмеге келушілер әйгілі Поль Гогеннің және оның «Наби» тобына ерушілер атақты қылқалам шеберлерінің сиқырға толы туындыларын тамашалады. Өнерсүйер қауымды қиял әлеміне әкетер бірегей жұмыстар тұңғыш рет Франция шекарасынан асып, Еуразия кеңістігіне шығарылып отыр. Көрмеде кескіндемемен қатар мүсіндер және декоративті интерьер әшекейлерін де көруге болады.

Айта кетейік, шараға Мәдениет және спорт министрлігі мұрындық болды.    

Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР Мәдениет және спорт министрі:

- Енді біз 20 жылдықты атап өткенде, басты мақсатымыз – дүние жүзіндегі ең керемет деген туындылар немесе музей туындыларын Қазақстанда көрсету. Елбасының «Рухани жаңғыру» арнайы бағдарламасында біздің өнерімізді дүние жүзіне көрсетуіміз керек. Бізге келген мамандар Қазақстанның мүмкіншілігін көріп, біздің Ұлттық музейдің кереметтілігін көріп, әсем Астананы көріп, өз елдеріне барғанда оны керемет қылып айтады. Біз Қазақстанның жеткен жетістіктерін дүние жүзіне паш етуіміз керек.

back to top
Хабар 24 телеарнасы