359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағандыда Астананың мерейтойына арналған форум өтті

  • Read 221 times
  • Media
Қарағандыда Астананың мерейтойына арналған форум өтті

Қарағандыда елорданың 20 жылдығына орай «Астана – елімнің жүрегі, елдіктің тірегі» атты форум өтті.

Бұл күні Елбасымен бірге еңбек етіп, Астананың құрылысына қатысқан еңбек майталмандарына және елорданың құрдастарына барынша құрмет көрсетілді. Ал жергілікті өнерпаздар ән мен жырдың тиегін ағытты.

Ерке Есілдің жағасында бой көтерген еліміздің бас қаласы – Елбасының төл туындысы. Сәулеті мен дәулеті келіскен алып шаһар небәрі 20 жыл ішінде адам танымастай өзгерді. Қазір Астана әлем мойындаған әсем қалаға, ірі саяси орталыққа айналды. Сарыарқа төсіндегі татулық пен бейбітшіліктің мекені.

Ерлан Қошанов, облыс әкімі:

– Тарихи өлшеммен қарағанда, әрине қысқа ғана уақыт, қас-қағым сәт. Бірақ осынау мерзім ішінде Астана азат елдің айбынына айналды, әлем қаласы, бейбітшілік қаласы болды. Қазіргі таңда Астана – қайнаған тіршіліктің алаңы, үздіксіз дамып келеді. Сәні мен салтанаты келіскен небір әдемі ғимараттар салынып жатыр.

Форумда Астананың әр жылдардағы даму кезеңі жайлы жастарға деректі фильм көрсетілді. Сондай-ақ Елбасымен бірге еңбек етіп, бас қаланың құрылысына қатысқан ардагерлер естелік айтты. «Бұл тарихи шешімге басында күмәнмен қарағандар да болды, бірақ Елбасының көрегендігінің арқасында ғасырдың ғаламат жобасы табысты жүзеге асты», – дейді замандастары.

Бұл күні жергілікті өнерпаздар тәуелсіздік, Астанамыз жайлы жазылған рухты әндерді шырқап, кештің көркін қыздырды. Ал облыстың әр қиырынан жиналған 50 домбырашы Құрманғазының «Сарыарқа» күйін орындады.

Авторлары: Ардақ Асылханұлы, Василий Савкин, Әсет Асайынов

Media

back to top
Хабар 24 телеарнасы