Елбасы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті - Соңғы жаңалықтар, Қазақстан жаңалықтары, фото, онлайн, видео, Хабар 24

USD 360,39

EUR 409,95

РУБ 5.43

Елбасы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті

Елбасы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті Ақорда

Елімізге Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон ресми сапармен келді.

Ақордада сарбаздар сап түзеп, Елбасы әріптесіне мәртебелі мейманға сай құрмет көрсетті. Екі елдің арасында дипломатиялық қарым-қатынастың 25 жылдығы қарсаңында «Парасат» орденін табыстады. Қос ел президенті шағын және кеңейтілген құрамда кездесулер өткізіп, әріптестіктің басым бағыттарын сөз етті. Соңғы жылдары екі ел арасында сауда-саттық жанданып, былтыр алыс беріс көлемі 32  пайызға артқан. Осыған мән берген қазақ көшбасшысы  арада шешілмеген мәселе жоқ екенін атап өтті. Тәжікстан Президенті де қарқынды дамып келе жатқан экономикалық қарым-қатынастарды әрі қарай ілгерілете түсуге ниетті екенін жеткізді. Себебі, тауар айналымының көлемі жөнінен біздің ел Тәжікстанның жетекші экономикалық әріптестері арасында екінші орынға ие. Сапар барысында екі ел арасындағы әріптестікті дамытудың жай-жапсарын талқылап, халықаралық күн тәртібіндегі маңызды мәселелерге де тоқталып өтті. Мемлекет басшыларының бірлескен мәлімдемесі қабылданды.

Эмомали Рахмон, Тәжікстан Республикасының Президенті:

- Нұрсұлтан Әбішұлы, сізге алғысым шексіз. Сіз маған Қазақстан Республикасының ең жоғары марапатының бірі «Парасат» орденін табыстадыңыз. Екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас орнаған 25 жыл қарсаңында осындай награданы иеленудің мен үшін символдық мәні зор. Қазақстан мен Тәжікстанның қарым-қатынасын нығайтуға біздің қосқан үлесімізді осылай жоғары бағалағаныңызға шын жүректен алғыс айтамын.

 

Хабар 24 әлеуметтік желілерде