USD 327.42

EUR 383.90

РУБ 5.31

Қазақстан мен Тәжікстан президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

Қазақстан мен Тәжікстан президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

Астана мен Душанбе арасында тікелей әуе рейсі ашылуы мүмкін.

Бүгін Тәжікстан Президентінің елімізге сапары аясында осындай бастама көтерілді. Нұрсұлтан Назарбаев Эмомали Рахмонның екі ел арасындағы мызғымас достыққа қосқан өлшеусіз үлесін жоғары бағалап, әріптесіне «Парасат» орденін табыстады. Сонымен, бұл сапар несімен ерекшеленді? Қандай маңызды келісімдер бекіді?

Бұл Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Тәжікстан президенті Эмомали Раxмонның қазақ жерінде алғаш рет кездесуі емес. Бұған дейін мәртебелі мейман елімізге екі рет ресми сапармен келген болатын. Оның сыртында қос ел көшбасшылары xалықаралық іскерлік алаңдарда жиі бас қосып жүр.

Сымдай тартылған құрмет қарауылының сарбаздары сап түзеп, екі ел әнұрандарының әуелете шырқалуы мәртебелі мейманға деген құрметтің бір парасы ғана. Осыны ескерген тәжік Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа разылығын білдіріп, алғаусыз алғыс айтты. Екіжақты кездесу аясында Елбасы әріптесін қазақ-тәжік қарым-қатынасына қосқан үлесі үшін «Парасат» орденімен марапаттады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Мы всегда стараемся поддержать Таджикистан по всем направлениям, всегда быть рядом, по возможности помогать. Я думаю, что сейчас наступает новый этап для нашей работы, чтобы совсем по-другому подойти, тем более обстановка в нашей Центральной Азии меняется, отношения меняются. Поэтому мы готовы обсудуть любые вопросы, проблемы. Более того, приедут главы государств наших стран-соседей. Завтра у нас будет возможность вновь встретиться. Я знаю, что у Вас в этом году состоится конференция по управлению водными ресурсами. Казахстан поддерживает эту инициативу.

Екеуара әңгімеде қозғалған маңызды мәселелер кейін кеңейтілген құрамда кеңірек талқыланды. Нұрсұлтан Назарбаев бұл кездесудің айрықша маңызды екенін атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Сегодняшние переговоры и наша встреча имеют особую значимость в летописи наших казахско-таджикских отношений. Во-первых, мы отмечаем 25 лет наших дипломатических отношений. Поэтому всех нас поздравляю с этой датой. Таджикистан – важнейший союзник и партнер Казахстана. Между нашими государствами за эти годы, благодаря добрым отношениям моим и Эмомали Шариповича, мы построили очень доверительные политические отношения. Мы взаимодействуем в региональных, глобальных вопросах, имеем одинаковые позиции. Между нашими странами нет нерешенных вопросов.

Қазақстан мен Тәжікстан ауылы аралас, қойы қоралас көрші болмаса да, арадағы алшақтық достық қарым-қатынасқа кедергі келтірген емес. Өзара сауда-саттығы да жыл сайын артып келеді. Былтыр еліміздің Орталық Азиядағы осы мемлекетпен алыс-берісі 800 миллион долларға жуықтаған. Бұл – 2016 жылмен салыстырғанда 32 пайызға артық көрсеткіш.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Екі елге ортақ Ұлыстың ұлы күні кездесіп отырмыз. Екі елдің арасындағы экономикалық, мемлекетаралық қарым-қатынасқа биыл 25 жыл толады. Арадағы сенім екі елге де жақсылық әкелді деп айтуға болады. Бүгінгі өткізген келіссөздердің аясында сауда-экономикалық, мәдени, гуманитарлық салаларда өзара іс-қимылдың жаңа бағыттары айқындалды. Халықаралық және өңірлік шаруалардың барлығында екі ел бір-бірін қолдап келеді.  

Қазақстандық кәсіпорындар Тәжікстанға негізінен астық, ұн, күнбағыс майын экспорттайды. Сондай-ақ құрылыс заттары мен мұнай өнімдерін көптеп жеткізеді. Жалпы екіжақты тауар айналымының басым бөлігі біздің елге тиесілі. Мәселен, былтыр бұл мемлекетке жолданған экспорттық тауарлар көлемі 459 миллион долларға жеткен. Өзара қалыптасқан іскерлік қатынастың тағы бір үлгісі, бұл мемлекет біздің елде жасалған теміржол бұйымдарын тұтынады. Оның үстіне бүгінгі күнге дейін тәжік экономикасына жалпы құны 120 миллион долларды құрайтын қазақстандық инвестиция құйылған. Тәжікстан үшін де су мәселесі өзекті. Бұл елдің теңізге шығуға мүмкіндігі жоқ. Осы ретте қазақ-тәжік көшбасшылары су проблемасын шешуге баса назар аударды. Мемлекет басшылары Сырдария, Әмудария мәселелерін түбегейлі шешуге уағдаласты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Взаимовыгодное сотрудничество, решение всех вопросов переговорным путем имеет большое значение для всех наших народов. Использование ресурсов трансграничных рек Центральной Азии на благо всех народов очень важно. Мы в этом вопросе имеем единую позицию с Таджикистаном. Отметили поиск взаимовыгодных решений в этом вопросе. Особая роль в переговорах отводилась фонду спасения Арала. Мы отмечаем, что в этом году председательствующий Туркменистан хочет провести в августе форум, все там соберемся.

Эмомали Рахмон, Тәжікстан Республикасының Президенті:

- Өңірдің су-энергетикалық ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында одан әрі ықпалдастықтың маңыздылығы ескерілді. Тәжікстан бұл саладағы халықаралық міндеттемелер мен келісімдерді сақтайтынын растайды. Біз өңірдегі мемлекеттермен су мәселесі бойынша барлық бағытта берік әрі конструктивті әріптестік орнатуға ниеттіміз.

Астана мен Душанбе арасында тікелей әуе рейсін ашу жөнінде де бастама көтерілді. Екі елдің барыс-келісі мен алыс-берісін үдететін бұл жағдай өзара сауда-саттықты дамытуға сеп болмақ. Қазақ-тәжік қарым-қатынасы мәдениет саласында да айқын көрініс тапқан. Бұл мемлекетте мыңнан аса қаракөз қандасымыз тұрады. Қазақстанда да тәжік ұлттық мәдени орталығы жұмыс істейді. Үкіметаралық деңгейде екі ел бір-біріне білім гранттарын ұсынып келеді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- В знак укрепления отношений между нашими народами мною принято решение о присвоении великого таджикского поэта – философа Рудаки одной из улиц нашей столицы. Уверен, что данное событие станет еще одним ярким символом между Казахстаном и Таджикистаном как памятный пункт визита Президента Таджикистана в этом году.

Эмомали Рахмон, Тәжікстан Республикасының Президенті:

- Сіз қазақ-тәжік қарым-қатынасына баса көңіл бөлесіз. Осы бағыттағы қажырлы қайратыңыз үшін алғыс білдеремін. Сондай-ақ тәжік халқына жасаған қамқорлығыңызға айрықша разымын. Сондықтан сізді қолайлы уақытыңызда Тәжікстанға шақырамын. Тағы бір мәрте сіздің және қазақ халқының қонақжайлылығына алғысым шексіз. Бүгін маған берген «Парасат» орденін Қазақстанмен қалыптасқан достық байланысымыздың лайықты бағасы деп есептеймін.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонның шығыс халықтарына ортақ мейрам Әз-Наурыз қарсаңында кездесуі бекер емес. Екі ел көшбасшылары осылайша тіршіліктің жанданып, жаңаратын мезгілінде бірлескен жоспар құрып, жаңа жобаларды жүзеге асыруға пәрмен берді. Атап айтқанда, Қазақстан мен Тәжікстанның ішкі істер министрлері көші-қон саласында маңызды мәміле жасасса, басқа да құзырлы органдар арасында әлеуметтің әлеуетін арттыруға бағытталған меморандумдар бекітілді. Осы орайда қос елдің басшылары бірлескен мәлімдемеге қол қойды.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен тәжік Президенті Эмомали Раxмонның елордада тағы бір рет кездесуі жоспарланған. Орталық Азиядағы мемлекеттер басшыларының 15 наурыз күнгі, яғни ертеңгі басқосуына Қазақстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан президенттері мен Түрікменстан Меджилисінің төрағасы қатысып, әріптестікті арттыру жолдарын айқындайды. Дәл осы жиында экономикалық маңызды һәм саяси салмақты ойлар сарапқа салынбақ.

Авторлары: Рауан Мыңбаев, Ержан Қанапияұлы

Хабар 24 әлеуметтік желілерде