352.90 417.80 5.31
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде шілденің бірінші жексенбісі Ұлттық домбыра күні болып бекітілді

  • 1260

Елбасы Ұлттық домбыра күні туралы Жарлыққа қол қойды.

Қоғамды ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау мен қайта жаңғырту идеясының төңірегінде одан әрі топтастыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Шілденің бірінші жексенбісі Ұлттық домбыра күні болып айқындалсын.
  2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықты іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
  3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
  4.  Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

            Президенті                                                               Н.Назарбаев

 

Астана, Ақорда, 2018 жылғы 12 маусым

             № 699      

Хабар 24 телеарнасы