363.61 436.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасы В.Путинмен телефон арқылы сөйлесті

  • 216

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті.

Қос елдің басшылары әңгіме барысында екі жақты ынтымақтастықтың, сондай-ақ өңірлік және халықаралық жағдайдың мейлінше өзекті мәселелерін талқылады. Сонымен қатар алдағы жұмыс кестесін, соның ішінде биылғы 12 тамызда Ақтау қаласында өтетін Бесінші Каспий саммиті аясындағы кездесулер барысын қарастырды. Телефон арқылы сөйлесуге Ресей тарапы бастамашы болды.

Хабар 24 телеарнасы