359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Нұрсұлтан Назарбаев Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбековпен кездесті

  • 211

«Қазақ пен қырғыз арасында шешілмеген мәселе жоқ». Қырғызстандық әріптесі Сооронбай Жээнбековпен кездесуде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді.

Екі ел байланысы қазір жаңа деңгейге көтерілді. Жыл басынан бері өзара сауда-саттық 18 процентке артқан. Нұрсұлтан Назарбаев осы бағыттағы жұмысты ширатудың маңызын атап, қандай да бір түйткіл туындаған жағдайда екі ел үкіметі оны тез арада шеше білуі керектігін айтты. Соңында барша қырғыз халқын бірер күн бұрын өткен тәуелсіздік күнімен құттықтады. Сооронбай Жээнбеков өз кезегінде ресми Бішкек екі елдің достық қарым-қатынасын нығайтуға мүдделі екенін жеткізді.

Сооронбай Жээнбеков, Қырғыз Республикасының Президенті:

- Қырғызстанға, Шолпан атаға Дүниежүзілік ойындардың ашылу салтанатына келгеніңіз үшін рақмет!

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Қазақ пен қырғыздан жақын халық жоқ. Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап мен әрдайым Қырғызстанды қолдап келемін. Сіз Президент болып сайланғаннан бері біз жиі кездесіп, көптеген мәселелерді талқыладық. Екі жақты қарым-қатынастар жаңа деңгейге көтерілуде. Сауда-саттық көлемі артып келеді. Бүгінде елдеріміз арасындағы барлық проблемалар, соның ішінде шекаралық мәселелер толық шешімін тапты.

Хабар 24 телеарнасы