352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ҰБТ Қостанай облысының жеті ауданында өтіп жатыр

  • 183

Қостанай облысында биыл 4 мың 825 оқушы мектеп бітірсе, соның 4 мыңнан астамы Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға тәуекел еткен. 

Дәл қазіргі сәтте сынақ тапсыру аймақта жеті нысанда жүріп жатыр.

Мен тестілеу өтіп жатқан нысандардың бірі Қостанай мемлекеттік университетінің аймағында тұрмын. Қазіргі сәтте облыс аумағында 1538 бала емтихан тапсырып жатыр. Анықтап айта кетсек, олар Лисаков, Жітіқара қалалары мен Әулиекөл, Сарыкөл, Амангелді, Жангелдин аудандарының оқушылары.

Тест тапсыруға талаптанған түлектер ең алдымен мұқият бақылаудан өтуге міндетті. Аудиторияға тек қаламсап алып кіруге рұқсат етілген. Тәртіп бұзып, тыйым салынған құралдарды қолдануға тырысқандар назарға іліккен жоқ, ондай келеңсіздік байқалмайды. Емтихан әлі бір сағаттан артық уақытқа созылады. Балалары үшін алаңдаған ата-аналар оларды арнайы бөлмеде экраннан бақылай алады. Ондай мүмкіндік те жасалған.

Мендегі қолдағы бар ақпарды бөлісе кетсем, биыл Қостанай облысында 142 бала «Алтын белгі» алған. Олардың 131-і Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға ынта білдірген. Сондай-ақ 4 түлек ағылшын тілін таңдапты. Олардың бәрі гимназия оқушылары екенін айта кеткен жөн. Ал ертең емтиханның соңғы күні. Оған бес жүзден астам түлек қатысады.

Авторы: Абылай Мауданов

Хабар 24 телеарнасы