369.36 436.00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ауғанстан әйелдері Қазақстан мен Өзбекстанда білім алатын болды

  • 208

Еуроодақ Ауғанстан әйелдеріне арналған кезекті ағартушылық бағдарлама енгізетін болды.

Енді бұл елдің нәзікжандылары Қазақстан пен Өзбекстанның оқу орындарында білім алу мүмкіндігіне ие болады. Бұл туралы еуропалық дипломатияның жетекшісі Федерика Могерини мәлімеді. Ол Астанада өткен ауған әйелдерінің құқықтарын кеңейту жөніндегі халықаралық конференция қатысушыларына бейнеүндеуін жолдаған болатын. «Бүгінде Ауғанстанда 3 миллиондай қыз мектепте оқып жүр, ал студенттерінің бестен бір бөлігі – нәзікжандылар. Алайда Ауғанстан әйелдеріне әлі күнге дейін тіршілігінің бүкіл салаларында қысым жасалып жүр. Сол себептен оларға қолдауымызды жалғастырумыз қажет», – дейді Федерика Могерини.

Федерика Могерини, ЕО сыртқы саясаты жөніндегі комиссары:

– Еуроодақ Ауғанстан әйелдеріне үнемі қолдау көрсетіп жүр. Бүгін оларға Орталық Азияда білім алуға мүмкіндік беретін 2 миллион еуроның жаңа бағдарламасын ұсынып отырмын. Бұл әйелдердің экономикалық мүмкіндіктері мен өзгелерден тәуелсіздігін арттырады. Бағдарлама Қазақстан, Өзбекстан және Ауғанстанның үшжақты ынтымақтастығымен жүзеге асады. Орталық Азиядағы көршілердің қолдауы бұл елге ауадай қажет. Бейбітшілік, аймақтағы тығыз экономикалық ынтымақтастық пен өзара әрекеттесу бүкіл ауған халқы мен түгел аймаққа пайда әкелетіні анық.

Хабар 24 телеарнасы